Сапалы жол — кәсіби дайындықтан басталады

Астана қаласында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның 20 филиалының өкілдері өз білімдерін жетілдіріп, дағдыларын шыңдады. Оқу курсы толықтай ведомстволық сараптама тақырыбына арналды.

Шараға «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Шымкент қалалық филиалының жетекші сарапшысы Сұлтан Мұхитұлы Ахметов қатысты.

Курс барысында жобалық-сметалық құжаттамаларды верификациялау, жобалардың техникалық және қаржылық бөліктерін талдау, жол жамылғысының конструкциясын есептеу, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттардағы өзекті өзгерістер қарастырылды.

Қатысушылар практикалық дағдыларды игеріп, жаңа талаптарды қолдану бойынша тың мәліметтер алды. Оқыту «Ұлттық цифрлық құзыреттер академиясы» платформасындағы қорытынды тестілеумен аяқталды. Бұл платформаны Орталықтың орталық аппарат мамандары әзірлеген.

ЖАСҰО жүйесінде мұндай курстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Олар тек өндірістік тиімділікті арттырып қоймай, қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге айтарлықтай септігін тигізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *