МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ШАҢЫРАҒЫНДА БОЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды.
Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Майдангер атамыз 1922 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Кейіннен 1-ші Украина майданының құрамында шайқасып Берлинге дейін барған. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан соң 1947 жылға дейін Германияда Совет Армиясы қатарында қызмет еткен.
Елге оралған соң почтада, мәдениет саласында басшылық лауазымда қызмет еткен. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін сырттай бітірген соң 1961-1971 жылдар аралығында Шымкент облыстық ішкі істер саласында жауапты қызметтер атқарды. 1971 жылдан құрметті еңбек демалысына шыққанша Шымкент қаласындағы еңбекке орналастыру басқармасында жауапты қызметте болған.
Соғыс жылдарында Сәрсен Әбдінұров ІІ дәрежелі « Ұлы Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 ж.ж. Германияны жеңгені үшін», «Совет Одағының маршалы Г.К. Жуков» және басқа да медальдармен марапатталған.
Айта кетейік, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қаладағы ҰОС 40 ардагерінің әрбіріне Шымкент қаласының әкімдігі 1 миллион теңге көлемінде сыйақы береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *