Қазақстанның дарынды жастары әлемдік білім аренасында тағы бір мәрте биіктен көрінді. Францияның Палезо қаласында өткен беделді Халықаралық физика олимпиадасында еліміздің құрама командасы 5 бірдей медаль жеңіп алып, үздік нәтижелер қатарынан табылды.

Биылғы International Physics Olympiad, IPhO-2025 олимпиадаға әлемнің 90 елінен 400-ден астам дарынды мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан құрамасы 2 күміс және 3 қола медальға ие болып, ғылыми білім мен логикалық ойлау тұрғысынан жоғары дайындықтарын паш етті.
Жүлдегерлер қатарында – еліміздің үздік оқушылары:
Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы
Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы
Амир Пшенбаев – Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы
Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы
Артур Ким – Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы
Оқушылардың олимпиадаға дайындалуына Сүлейман Демирел университетінің PhD докторы, ассистент-профессоры Самат Мақұтов пен халықаралық білім додаларының тәжірибелі жүлдегері Алишер Еркебаев жетекшілік етті. Олар жас физиктерге теория мен тәжірибені терең меңгерту арқылы халықаралық деңгейде өздерін сенімді көрсетуге жол ашты.