ШЫҰ кеңесінде Қазақстан — ауыл шаруашылығы қауіпсіздігінде инновациялық көшбасшы ел

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің фитосанитариялық қызмет басшыларының екінші кеңесіне қатысты.

Кеңестің негізгі мақсаты — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өсімдіктерді карантиндік зиянкестерден қорғау саласында ынтымақтастықты нығайту болды.

Қазақстан тарапынан Сәкен Қаныбеков Қытайдың Бас кеден басқармасы өкілімен кездесіп, Қытайға экспортталатын ауылшаруашылық өнімдерінің түрін кеңейту, фитосанитариялық қауіптерді басқару және цифрлық технологияларды дамыту мәселелерін талқылады.

Қытайдың «ақылды порт» жүйесі бойынша тәжірибе алмасу туралы келісім жасалып, бұл жүйені Қазақстанда енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстан фитосанитариялық қызметтерімен екіжақты кездесулер өтті, нәтижесінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Қазақстанның бұл кеңеске қатысуы өңірлік ынтымақтастықты арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *