Магистратураға түсуге тестілеу жүріп жатыр

Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу (КТ) жалғасуда. Биылғы сынақ 21 шілдеде басталып, 7 тамызға дейін өтеді. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бүгінге дейін 22 мыңға жуық адам тест тапсырған.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Магистратураға 51 мыңнан астам өтініш қабылданып, үміткерлерге 13 мыңнан астам грант бөлінген.

Шекті балл көрсеткіші қандай?

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша тестілеуден өткендердің 50%-ы шекті баллды (кемінде 75 балл) жинады. Бұл бағытта орташа балл – 77.

Бейінді бағыт бойынша (кемінде 30 балл) талапкерлердің 22%-ы шекті деңгейден өтті. Бұл бағыттың орташа балы – 24.

Ең жоғары балл – 139 балл.

Тәртіп бұзғандар тестілеуден шеттетілді

Тестілеу ережесін бұзған 54 үміткердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде:

32 адам – тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка және т.б.) алып өтпек болғаны үшін,

21 адам – тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған,

1 бөгде тұлға – басқа адамның орнына тест тапсыруға тырысқаны үшін ұсталған.

Апелляция беру мүмкіндігі бар

Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда үміткер тест аяқталған соң 30 минут ішінде онлайн-апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция жеті жұмыс күні ішінде қаралады, шешім шыққаннан кейін сертификат тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 51 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 21 шілдеде басталды және 7 тамызға дейін жалғасады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *