Түркістан облысында 3500-ден астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілді

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Түркістан облыстық Әділет департаменті халыққа құқықтық қызмет көрсету және заң көмегін қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс жүргізді. Бұл туралы департамент басшысы Нұржан Әлиханұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, есепті кезеңде Әділет департаментіне 3907 құжат келіп түскен. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 3697, ал заңды тұлғалардан – 210 өтініш тіркелген.

Мемлекеттік қызметтерге келсек, жарты жыл ішінде жалпы саны 993 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 820-сы қағаз түрінде, 173-і электронды форматта ұсынылған.

Сонымен қатар, 590 заңды тұлға бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіліп, мемлекет бюджетіне 1 612 750 теңге көлемінде қаражат түскен.

Тегін заң көмегі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында департамент тарапынан 110 адвокат пен 23 заң консультантымен келісім жасалып, 3592 азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілген.

Алимент өндіру санаты бойынша 22 813 құжат орындалу үстінде. Осы бағытта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде:

499 борышкерге іздеу жарияланған;

256 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған;

арнайы ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі барысында 85 борышкер жұмысқа орналастырылған.

Сондай-ақ, жеке сот орындаушылар мемлекет кірісіне 1 519 947 094 теңге, ал мемлекеттік сот орындаушылар 3 111 870 123 теңге қаржы өндіріп берген.

Қорытындылай келе, Түркістан облысының Әділет департаменті халыққа сапалы заң көмегін ұсыну, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *