Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың негізі

Тарих дәлелдегендей, елдің тұрақтылығы мен дамуы – халықтың бірлігі мен татулығына тікелей байланысты. Бірлігі бұзылған мемлекеттер ұзаққа бармайды, ал ынтымағы жарасқан елдер өркениет көшінде алдыңғы қатарда болады.

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты ұлттық қауіпсіздік пен дамудың басты тірегі етті. Бұл – ғасырлар бойғы тәжірибеден туған ұстаным. Ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс, тың игеру сияқты тарихи сындар елдің этникалық құрамын байытты, бірақ алауыздық емес, мәдениеттер тоғысы мен өзара түсіністіктің негізін қалады.

«Қазақстан – ортақ үйіміз» қағидасы бүгінде өмір салтына айналды. Түрлі этнос өкілдері ғылымнан мемлекеттік басқаруға дейін барлық салада бірге еңбек етіп, бір-бірінің тілі мен дәстүрін құрметтейді.

Бірлік – тек моральдық құндылық емес, ол әлеуметтік келісім, азаматтық теңдік, заң үстемдігі және қоғамдық диалог арқылы бекітілген жүйе. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бағыттағы басты алаң болып отыр.

Жаһандану дәуірінде сыртқы және ішкі сын-қатерлер көбейген шақта, ең басты қорғанымыз – бірлігіміз. Ынтымақ пен татулық сақталған жерде мемлекет мызғымайды, болашаққа сенім де берік болады.

Айта кетейік, Тарихтың түрлі кезеңдерінде түрлі этностар Қазақстан жеріне әртүрлі себептермен қоныстанды. Бірақ қазақ халқы ежелден бауырмал, дархан мінезді, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарайтын қасиетімен ерекшеленеді. Соның нәтижесінде бүгінде елімізде ұлтаралық араздық емес, керісінше, өзара түсіністік пен сыйластық үстемдік құрып тұр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы құрылып, еліміздегі этносаралық татулықтың тірегіне айналды. Бұл бірегей институт этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуына, түрлі этностардың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін сақтауға және насихаттауға мүмкіндік беріп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *