Мемлекеттік қызметтегі меритократия: әділдік пен кәсібиліктің басты өлшемі

Бүгінгі таңда қоғам мемлекеттік басқарудың сапасынаерекше назар аударып отырған тұста, меритократия қағидасының маңызы айрықша арта түсті. Бұл жай ғаназаманауи термин емес, бұл билік органдары жұмысыныңтиімділігі мен азаматтардың мемлекетке деген сенімінайқындайтын іргелі тәсіл.


Меритократия
қарапайым әрі өміршең идеяға негізделген: мемлекеттік лауазымдарға тек нағыз лайықты тұлғалар ғанатағайындалуы тиіс. Латын тілінен аударғанда «лайықтылардыңбилігі» деген мағынаны білдіретін бұл қағида адамның білімін, кәсіби дағдыларын, тәжірибесі мен жеке жетістіктерін бастыорынға қояды. Мұндай тәсіл қолданылған жерде таныстық, туыстық байланыстар емес, тек адамның шынайы қабілеті мен еңбегінің нәтижесі шешуші рөл атқарады.

Мемлекет басшысы елімізде меритократия қағидасыныңберік орныққанын бірнеше рет қадап айтқан болатын. Президенттің пайымдауынша, мемлекеттік қызмет әрбірқазақстандық үшін ашық болуы керек, ал мансаптық өсу тек адал, ашық әрі әділ бәсеке арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Яғни, қажетті білімі мен құзыреті бар кез келген азаматтыңмемлекеттік органда жұмыс істеуге және кәсіби тұрғыдан өсугетолық құқығы бар.

Бұл қағида «Қазақстан Республикасының мемлекеттікқызметі туралы» Заңында да құқықтық тұрғыдан шегенделген. Заңнамада меритократия мемлекеттік қызметшінің жеке еңбегімен жетістіктерін тану, сондай-ақ оны қабілеті мен кәсібидаярлық деңгейіне қарай лауазымы бойынша өсіру ретіндеайқындалған.

Іс жүзінде бұл қағида ашық конкурстар, кадр резервтерінжасақтау және тағайындау процедураларының жариялылығыарқылы жүзеге асып келеді. Мәселен, Шымкент қаласыныңжергілікті атқарушы органдарында 2025 жылы штат саны 1008 адамды құраса, оның 944-і жасақталған. Ішкі конкурстардыңнәтижесінде жоғары лауазымдарға үміткер болған 56 кандидаттың 45-і (яғни 80 пайызы) тағайындау алды. Бұданбөлек, өңірлік жастар кадрлық резервіне енген 30 адамның 9-ы мемлекеттік лауазымдарға орналасты. Бұл көрсеткіштеркадрларды іріктеу кезінде кәсіби сапа, әлеует және жекежетістіктер басты назарда екенін көрсетеді.

Меритократия мемлекеттік қызметті әділ, ашық жәненәтижелі етеді. Ол билік құрылымдарына білікті әрі ынталымамандарды тартуға, басқарушылық шешімдердің сапасынарттыруға және халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтуғасептігін тигізеді.

Елдің өсіп-өркендеуі мемлекеттік қызметте кімдердіңжұмыс істеп жатқанына тікелей байланысты. Дәл соңдықтан да маңызды лауазымдарда ең лайықты әрі кәсіби мамандар отыруытиіс, ал меритократия қағидасы қазіргі мемлекеттік басқаружүйесінің басты басымдығы болып қала бермек.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *