Шымкент қаласының білім басқармасының қолдауымен №89 IT мектеп-лицейінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Оған қала прокуратурасы мен Экология департаментінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар өздері ұйымдастырған «Эко сана» экологиялық бұрышын таныстырды. Бастама оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға бағытталған.
Кездесу барысында тазалықты сақтау, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, жасыл желектерді қорғау және экологиялық бастамаларға белсенді қатысу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар мектептің экологиялық жобаларымен танысты. Атап айтқанда, жылыжай, «Флора-Фауна» зертханасы және ағаш плантацияларының жұмысы көрсетілді.
Бұл жобалар оқушылардың табиғат әлемін тәжірибе жүзінде танып-білуіне, зерттеушілік дағдыларын дамытуына және экологиялық мәдениетін қалыптастыруына мүмкіндік береді.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясындағы мұндай бастамалар жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға және табиғатты қорғау құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Тазалықты сақтау мен табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру әр адамның күнделікті әрекетінен басталады.