Шымкентте жалпы қалалық «Таза қала» акциясы өтті

Шымкент қаласында санитарлық тазалықты сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында кезекті «Таза қала» атты жалпы қалалық акция ұйымдастырылды.

Ауқымды іс-шараға қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері, аудан әкімдіктері, коммуналдық мекемелер, еріктілер мен қала тұрғындары белсене қатысты. Шара барысында бірнеше ауданның аумағында бір мезетте тазалық жұмыстары жүргізіліп, қала келбетін жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.

Бұл ауданда өткен тазалық жұмыстарына 335 адам мен 22 арнайы техника тартылды. Күні бойы жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде 27 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Сонымен қатар, қураған ағаштар мен бұтақтар кесіліп, шөп шабылып, аяқжолдар мен қоқыс алаңшалары мұқият тазартылды. Аудан аумағы біршама ретке келтірілді.

Тұран ауданында сенбілік жұмыстарына 426 адам мен 36 техника жұмылдырылып, 18,3 тонна қоқыс сыртқа шығарылды. Сонымен қатар, жасыл желектерге күтім жасалып, ағаштар мен бұталар кесілді, қоғамдық орындар тазартылып, жаяу жүргінші жолдары мен аулалар ретке келтірілді.

Абай ауданында өткен тазалық акциясы аясында 400 адам мен 15 техника жұмыс істеп, нәтижесінде 42 тонна қоқыс арнайы орындарға жеткізілді. Акция барысында шөп шабу, ағаш кесу, аумақты санитарлық тазалау, қоқыс жәшіктері мен алаңшаларын ретке келтіру секілді шаралар жүзеге асты.

Жалпы, «Таза қала» акциясы шеңберінде барлық аудан аумақтарында жасыл желектерге күтім жасалып, жолдар мен тротуарлар жуылып, аула ішілік аумақтар тазаланды. Қаланың көркіне көрік қосатын мұндай игі шаралар тұрғындардың өз ортасына деген сүйіспеншілігін, жауапкершілік сезімін арттыра түсті.

Бұл акцияның басты мақсаты – тек қоқыс тазалау емес, экологиялық сана қалыптастыру, тазалыққа ұмтылған қоғам мәдениетін дамыту. Қала әкімдігі мұндай іс-шаралар жүйелі түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *