Шымкент жаңа оқу жылын тың қарқынмен бастайды

Шымкент жаңа оқу жылын тың қарқынмен бастайды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Білім саласында айтарлықтай өзгерістер бар.  Биыл 16 жаңа мектепке лицензия беріліп, оның 11-і «Келешек мектеп» жобасымен, 5-еуі жекеменшік негізде ашылды. Екі жекеменшік мектеп өз еркімен лицензиясынан бас тартқан.

Жоғары білімге қолжетімділікті арттыру үшін әкімдік тарапынан 285 грант бөлінген. Алғашқы кезеңде 207 түлек грант иегері атанса, 78 орын бос қалды. Бұл орындарға еліміздің басқа өңірлерінен келген талапкерлер қатыса алады. Басты талап — оқу аяқталған соң 3 жыл Шымкентте жұмыс істеуі тиіс.

«Келешек мектеп» жобасы аясында бой көтерсе, қалған бесеуі жекеменшік. Бұдан бөлек, жоғары білімге қолжетімділікті арттыру мақсатында қала әкімдігі 285 білім грантын бөлген. «Алғашқы конкурс нәтижесінде 207 талапкер жеңімпаз атанды, алайда 78 орын бос қалды. Бұл гранттарға енді тек шымкенттік түлектер ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен келген жастар да үміткер бола алады. Басты шарт оқуын аяқтаған соң кемінде үш жыл Шымкентте еңбек ету керек», деді қала әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек.

Сондай-ақ қаладағы қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру бағытында да маңызды қадамдар жасалып жатыр. Биыл 58 жаңа автобус алынған, соның 28-і – шағын аудандар мен шеткі аймақтарға қатынайтын шағын автобустар, ал 30-ы – сыйымдылығы жоғары заманауи көліктер.

Жер қатынастары бойынша жыл басынан бері мемлекет мұқтажына 254 учаске алынған. 5,1 млрд теңге өтемақы төленіп, 7 учаске сот шешімімен өтемақысыз қайтарылған.

Қалада 78,5 мың студент білім алуда, 1734-і жатақханаға орналастырылды. Қалған өтініштер қаралуда. Қалада 28 колледж бар, оның 9-ында жатақхана мемлекеттік, 19-ы жекеменшік.

Қысқы маусымға дайындық жоғары деңгейде: қазандықтардың 85%-ы, сорғы станцияларының 76%-ы әзір. 98 ақаудың 90-ы жөнделді. 838 шақырым жылу желісінің 37%-ы тозған. Қалаға қажетті көмірдің 55%-ы жеткізілген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *