Мұқағали мәртебелі мамандық иесі

Еліміздің теміржол саласында қызмет етіп жүрген мыңдаған еңбек майталмандарының әрқайсысы өз ісінің жауапкершілігін терең сезінеді. Солардың бірі – Қазықұрт станциясының сұрыптау дөңесінің кезекшісі Әбдірахман Мұқағали Нұрғалиұлы.

Оның негізгі міндеті – пойыздардың қозғалысын үйлестіру, вагондарды дұрыс реттеп, бағыттау арқылы тасымал процесінің үздіксіз әрі қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету. Бұл – ұқыптылықты, жоғары жауапкершілікті және кәсіби біліктілікті талап ететін маңызды жұмыс.

Әбдірахман Мұқағали  өз мамандығын абыроймен атқарып, әріптестері арасында беделге ие. Теміржол саласында еңбек ету – тек қана жұмыс емес, бұл – қозғалыстың, қауіпсіздіктің және  нақтылықтың кепілі.

Осындай қарапайым еңбек адамдарының табанды еңбегі арқасында жүк пен жолаушылар тасымалы уақытылы орындалуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *