Мемлекет басшысының Жолдауы – болашаққа жаңа қадам

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауы барша отандастарымызға тың серпіліс беретін, жаңа нәтижелерге жоспарлар айқындалған тарихи сәтке куә болдық.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына, отандық ғылым және жоғары білім саласына қатысты маңызды мәлімделер жасады. Жолдауда Мемлекет басшысы ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстырудың маңызына тоқталды. Еліміз білім экономикасына көшіп жатыр. Сондықтан, ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру керек. Сондай-ақ жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Президент өз сөзінде: «Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн» деп нақты басым-бағыттарды нақтылады.

Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын стратегиялық құжат. Бұл жолғы Жолдауда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту мәселесі басты назарға алынды. Әсіресе, білім мен ғылым саласына заманауи тәсілдер қажет екені ерекше атап өтілді.

Президент атап өткендей, ғылым мен білімді дамытпай, елдің болашағын елестету мүмкін емес. Сондықтан жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі артып, басқару жүйесіне де өзгеріс енгізілуі тиіс. Бұл – университеттердің тек білім беріп қана қоймай, ғылыми жаңалық ашатын орталықтарға айналуына мүмкіндік береді.

Дархан Ахмед-Заки,

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Басқарма Төрағасы-ректоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *