Тіл арқылы – рухани үндестікке!

Шымкент қаласында тілдер мерекесіне арналған тағылымды шара өтті. Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Тілдер тоғысқан мереке» атты фестиваль жоғары деңгейде өтті.

Фестивальдің басты мақсаты – Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасын дәріптеу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, этносаралық келісімді нығайту, патриотизм мен мәдени тұтастықты насихаттау болды.

Ауқымды іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасы мен Әдістемелік орталықтың өкілдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы,  Шымкент қалалық соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шымкент қалалық филиалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мәдени орталығының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, орынбасарлары, педагогтер мен оқушылар қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 410 адамды құрады.

Фестиваль барысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыру, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін көтеру, сондай-ақ тілді үйренуге деген қызығушылық пен ынтаны арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар тарапынан маңызды ой-пікірлер мен нақты ұсыныстар айтылып, тіл саясатын жүзеге асырудағы өзекті мәселелер қозғалды.

Шара аясында Ахмет Байтұрсынұлының рухани-мәдени мұрасы кеңінен насихатталып, ұлт ұстазының еңбектерінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы жан-жақты ашылды. Бұл – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Мерекелік фестиваль оқушылар арасында этносаралық татулық пен достықты нығайтуға, отансүйгіштік сезімді оятуға және ұлттық бірегейлікті сақтауға үлкен үлес қосты. Тіл мерекесі тек танымдық емес, тәрбиелік мәні зор тағылымды іс-шара ретінде қатысушылардың көңілінен шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *