Шымкенттен жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында да айтты. Президент жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болуға тиіс екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде Шымкент қаласында туризм мен көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Соның жарқын мысалы – халықаралық әуе бағыттарының ашылуы. Шымкент халықаралық әуежайынан енді Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египет елдерінің 7 ірі қаласына тікелей әуе рейстері қатынайды.

Алғашқы рейстер Мюнхен мен Будапештке бағыт алып, сәтті жүзеге асты. Қазіргі таңда SCAT әуекомпаниясының әуе паркі 37 ұшақтан тұрады. Оның 22-сі ішкі рейстерге қызмет көрсетсе, 15 әуе кемесі халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдайды.

Енді шымкенттіктер мен қала қонақтары алыс-жақын шетелге еш қиындықсыз, тікелей Шымкенттен ұша алады. Бұл бастама тек тұрғындар үшін ғана емес, бүкіл өңірдің туризм және логистика салалары үшін үлкен мүмкіндік саналады.

2025 жылдың алғашқы алты айында Шымкентке 242 мыңнан астам турист келген. Олардың 227 мыңы – отандық саяхатшылар болса, 15,5 мыңы – шетелдік қонақтар. Бұл – туризмнің даму әлеуеті зор екенін көрсететін нақты дәлел.

Шымкент – жай ғана ірі өндірістік қала емес, сонымен қатар мәдениеті бай, табиғаты көркем, туристерді өзіне тартатын шырайлы шаһар. Ал халықаралық бағыттардың көбеюі мен инфрақұрылымның жаңаруы бұл бағыттағы табысты еселей түсетіні анық.

Туризм саласын дамыту, сервистік қызметтерді жетілдіру  күн тәртібінде тұр. Бұл бағытта жергілікті билік пен жеке кәсіпкерлер тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *