Табиғаттың тосын қырынан тағы да су тасқыны орын алды. Қатты жауған жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан Шымкент қаласының аумағына секундына 3,5 текше метр су ағып келіп, 60-қа жуық үйдің ауласын су басты. Қазіргі таңда авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, Еңбекші ауданы Елтай елді мекенінде 60 тұрғын үйдің ауласы суға толып, 3 шаруашылық құрылысы қирады. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өкілдерімен тұрғындар эвакуацияланып, Маятас тұрғын алабында орналасқан №119 мектептегі №41 эвакуациялық жиналу пунктіне 150 адам көшірілді. Қалған 150-і өздерінің туыстарының үйіне орналасқан. Құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылды.
Сонымен қатар, Еңбекші ауданы, Откорм.совхоз Гаухар тас көшесіндежауын-шашын салдарынан Бадам өзенінің тасуы орын алды. Жағалаудың бұзылуы себебінен 2 тұрғын үйдің қабырғасы құлауы мүмкін еді. ТЖД күштерімен қауіп төніп тұрған үйлерден 31 тұрғын Бадам-1 елді мекеніндегі №84 орта мектебінің негізінде құрылған эвакуациялық жиналу пунктіне көшірілді.