ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін қаламызда Республика күні мен Егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара айрықша аталып өтті. Әнұранмен басталған салтанатты рәсімде көк байрақ қалықтап, биік тұғырда желбіреді.

Ту тұғыры алаңында өткен іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен әскерилер, жастар мен еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Республика күні — бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы тарихи бастау. 1990 жылы қабылданған Егемендік туралы декларация — байрақты ел болудың алғашқы қадамы еді. Бүгінгі ұрпаққа ұлы шешімді бағалап, қастерлеу парыз саналады.


Мерекелік шара елдік рухты жаңғыртып, ұлт бірлігінің бекемдігін айқын көрсетті. Көк байрақ астында азаттықты дәріптеген шымкенттіктердің отаншылдық рухы асқақтай түсті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *