Шымкент қаласында автомобиль көлігі мен автомобиль жолдары саласының қызметкерлеріне арналған кәсіби мерекеге орай салтанатты жиын өтті.

Биылдан бастап қазан айының соңғы жексенбісі — көлік және жол инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосқан сала мамандары үшін ерекше күн болып белгіленді. Бұл мереке — олардың тынымсыз еңбегіне алғыс білдіріп, қоғамдағы рөлін айқындайтын маңызды дата.
Салтанатты шара барысында қала әкімі еңбек майданында жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар сала үздіктерін марапаттады.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының жетекші сарапшысы Сұлтан Ахметов Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Шымкент — күн сайын қарқынды дамып, келбеті көркейіп келе жатқан мегаполис. Бұл жетістіктердің артында жол-көлік саласы қызметкерлерінің маңдай тері мен адал еңбегі жатыр.