2018 жылы Жоғарғы Соттың бастамасымен республикамыздың 4 облысында «Отбасылық сот» Пилоттық жобасы қолға алынған болатын. Шымкент қалалық сотының төрағасы Е.Рахымбековтың 2018 жылғы 4 желтоқсандағы Өкімімен Еңбекші аудандық сотының негізінде «Отбасылық сот» Пилоттық жобасы жүзеге асырылып келеді.
Былтыр қалалық және Еңбекші аудандық соттарының ұйымдастыруымен «Бақытыңды балаңнан ізде!» атты интерактивті кездесу өтті.
Одан кейін де Шымкент қаласының Білім, Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, Прокуратура, Полиция департаментінің өкілдері мен медиаторлар, психологтар және т.б. қатысуымен бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы атқарылған жұмыстың нәтижесінде, Шымкенттегі кейбір шаңырақтар шайқалмай, ажырасу азайып отыр..
Мысалы, 2019 жылдың 4 айында ажырасуға 1267 талап арыз түскен, биылғы 4 айда олардың саны — 890, яғни 176-ға аз. Былтыр 4 айда ажырасқандар саны — 719 болса, биыл – 638. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 81-ге аз, демек, 81 отбасы сақталды деген сөз! Өткен жылы 4 айда медиация тәртібімен татуласқаны 67 еді, ал биыл олардың саны 100-ге жетіп отыр.
Осылайша, екі жарым жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Отбасылық сот» жобасы өзінің тиімділігін көрсетті.