МАЛ БАЗАРЫ МЕН КӨЛІК БАЗАРЫ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

Шымкентте 11-ші мамырдан бастам  кием-кешек сататын базарлар іске қосылды. Бүгінгі таңда сауда орындарына келім-кетім көп. 40 күн карантинге жабылған сауда орындары жаңа жұмыс кестесімен, таңғы 10 нан кешкі 18:00  ге дейін жұмыс істеп жатыр.

Қоғамдық орындарда вирус таралуына жол бермеу бүгінгі таңда бірінші мәселе. Сауда орындарындағы  сатушылардың санитарлық талаптарды қатаң сақтауын базар әкімшілігі өз мойнына алып отыр. Тұтынушыларды да бір есіктен кіргізіп дизинфекциялық шараларды жүргізуде.

Мегаполистегі базарлардың басым көпшілігі Абай ауданында орналасқан. 11-ші мамырдан бастап тағы 4 базар іске қосылды. Әзірге мал базары мен көлік базарына жұмыс істеуге  рұқсат берілмей отыр. Көпшілік шоғырланатын орындарда каронавирус қауіпі жоғары,-дейді Шымкент қаласы Абай  аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Шарбат Айботаева.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *