ШАРДАРА АУДАНЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде.  59300 гектар суармалы жерді игеру бойынша жұмыстары қолға алынған. Оның ішінде: Күздік бидай — 1000 га, арпа – 1500 га, күріш 1500 га, дәндік жүгері – 3000 га, маш – 500 га, күнбағыс – 100 га, мақта — 18000 га, ескі жоңышқа – 14742 га, жаңа жоңышқа – 4098 га, сүрлемдік жүгері – 3300 га, картоп – 250 га, көкөніс – 600 га, бақша – 10710 га жерге егілуде.

Сондай-ақ, ауданның негізгі дақылы саналатын мақтаның көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 5704 гектарға азайып, оның орнына дәндік және мал азығы дақылдарының көлемі көбейген.
Қазіргі кезде күзде егілген 1000 гектар жердегі күздік бидай мен 15 гектар күздік пиязға көректендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін 4458 гектар жаңа жоңышқа, 600 гектар көкөніс, 1660 гектар жаздық арпа, 7380 гектар бақша, 2736 гектар дәндік жүгері, мақта 17600 гектарға және күріш 1410 гектарға егіліп, көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда.

Дала жұмыстарына 24 дана К-700 тракторы, 36 дана Т-150 тракторы, 1092 дана МТЗ-80,82 тракторлары, 39 дана ЮМЗ тракторлары, 110 дана ДТ-75 тракторлары, 998 дана тіркемелер, 978 дана тырмалар, 36 дана дән сепкіштер, 47 дана бүріккіштер және тағы басқа ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.
Сонымен қатар, егістік алқаптарына дәрі жеткізу жұмыстары да толыққанды атқарылуда. Анығын айтқанда, АШТӨ-ға 3923 тонна селитра, 750 тонна аммофос, 550 тонна сульфат аммоний, 423 тонна карбамид таратылып, минералды тыңайтқыштар тасымалдау жалғасуда. Сондай-ақ, «Нимэкс», «Мырзакент» ЖШС-ы шаруаларға минералды тыңайтқыштар тасымалдауды фьючерс арқылы таратуды қолға алған. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп, ақпан айына 780 тонна, наурызда 780 тонна, сәуір айынада 910 тонна және мамыр айынада 650 тонна жеткізілген. Жанар-жағармайды жеткізуші операторлар болып «КазРосНефть» және «Simyrg Trans Oil» ЖШС белгіленіп, қазіргі таңда, «КазРосНефть» 335,7 тонна және «Simyrg Trans Oil» ЖШС 443,76 тонна жанар-жағармайды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне таратқан. Сондай-ақ, операторлардың жанар-жағармай бекеттерінде жеңілдетілген бағада 160 теңгеден жанармай босатылуда.

Ал, ауданда 32912 га суармалы жерлерге ылғалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ауыл округтерінде орналасқан агро құрлымдар тарапынан «Казсушар» РМК ТФ филалымен ағын су алуға келісім шарттар жасалынып, бүгінгі таңға берілген сұраныстарға сәйкес 32912 га жер ылғалдандырылған.


2020 жылға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мақта егістігіне қажетті 450 тонна шиттің 100 тоннасын «Нимэкс» ЖШС, 30 тоннасын «Шардара мақта» ЖШС, 120 тоннасын «Мырзакент» АҚ таратқан. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер сұранысқа байланысты мақта шитін таратуды қолға алған. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарына шаруаларды қаржыландыру бойынша «Мырзакент» АҚ «Агрокредиттік компания» АҚ-нан жылдық 7 пайызбен шаруаларға 380 миллионн теңгені үлестіруде. Оған қоса, «Ырыс МКҰ» ЖШС АШТӨ-ды 469 миллион теңге қаржымен несиелендісе, «Нимэкс», «Шардара мақта», «Мырзакент» мекемелері фьючерс әдісімен мақташыларды қаржыландыруда (1 га 100 мың теңге, 3 траншпен береді).
Биыл ауданда зиянды зиянкестер, марокко шегерткесі дернәсілдерінің орналасуына анықтау жұмыстары жүргізу ерекше қарқын алған. Зиянкестерді анықтауға адам 42 жұмылдырылып, бүгінге дейін шаршы метіріне 5 зиянкестен есептелген дейін 9500 гектар, ал 10-ға дейін 3060 гектар жерде марокко шегерткесінің қоныстанғаны анықталып, тиісті залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл зиянкестің негізгі мекені саналатын Жаушықұм ауыл округінде ауданның Келес ауданы шекарасында Морокко шегірткесінің көп шоғырланған ошақтары анықталып, оларды жою жұмыстары жүргізілуі аяқталуға таяу.

Ал, өңірдегі мал шаруашылығының жайыны тоқталсақ, 2019-2020 жылдарға мал қыстатуға 43289 бас ірі қара мал,197714 бас қой-ешкі, 9058 бас жылқы, 2569 бас түйе және 35842 бас құс түсірілген. Бұл малдарды қыстан шығынсыз алып шығу үшін ауданда 118255 тонна сүрлемдік жүгері, 122230 тонна жоңышқа, 118600 тонна дала шөбі және 25180 тонна құрама жем дайындалған. Жем-шөп көлемі қажеттілікті толығымен қамтамасыз етіп, артылған шөптер көрші Мақтарал, Жетісай, Келес, Арыс аудандарына сатылып, үлестірілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мал басы қыстаудан шығынсыз шыққан. Мал қыстату науқаны аяқталған кезде ауданда ІҚМ – 52511 бас (116,2%) , қой, ешкі 241921 бас (104,7%), жылқы – 11211 бас (115,1%), түйе – 2930 бас (109,8%), құс – 44463 басқа (111,8%) өскен. Сондай-ақ, өткен 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда союға арналып, өткізілген мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмағы 2135,6 тоннаны құрап, (100,5%), сиырлардан сауылған сүт 5064,4 тонна (104%), тауықтан алынған жұмыртқа 790,4 мың дана (104,7%) өндірілген. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда мал басының өсуі және малдан өндірілетін қажеттіліктердің көлемі ұлғайған.

Р.ПЕРДЕБЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *