АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «АДАЛДЫҚТЫ МҰРА ЕТКЕН ҰЛЫ АБАЙ»

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «АДАЛДЫҚТЫ МҰРА ЕТКЕН ҰЛЫ АБАЙ»

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде. Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті.
Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.
Аталған акция аясында Шымкент қаласындағы 10 жоғарғы оқу орындары және 30 колледждердің 1-курс студенттері мен үшінші мегаполистегі барлық 147 мектептің 9-11 сынып оқушылары қамтылды.
Екі тілде Агенттіктің Youtube-арнасы мен Департаменттің facebook әлеуметтік желідегі парақшасында өткен бейне-дәрістер бойынша «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелері мен студенттер, оқушылар өз пікірлерін білдірді.
«Бүгінгі республикалық «Адалдық сағаты» біздің білім алушылар үшін үлкен ой салып, рухани құндылықтарын еселей түсті деп айта аламыз. Абай Құнанбайұлының ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абайға деген құрмет, әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Шын мәнінде, ақынның артында қалған еңбектері мен өмір жолына қарап «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп толық айтуға негіз бар. Ол мұраны қазіргі ұрпақ өмір сүрудің негізгі қағидасына алу қажет» — дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Сәкен Мәжінбеков.
«Бейнеролик өте сапалы түсірілген және түсінікті тілмен жеткізілген. Өзіме қатты ұнады. Еліміздің болашағы ретінде біздер адалдықты, парасаттылықты насихаттап, осы құныдылықтарды өз бойымызға сіңіру қажетпіз» — дейді қалалық Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Төлеби Байтасов.
«Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет. Адалдық — адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана — сезімі мен ар — ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық — этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым — түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», — дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды» — дейді Арман Байжігіт, М.Әуезов атындағы ОҚМУ 1-курс студенті.
Адалдық сағатына қатысты өз ойын білдірген «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, Ұлы Абай әр қазақты парасаттылыққа, адалдыққа, патриоттылыққа шақырғанын жеткізіп, жастарымызға әрқашан ақын еңбегін насихаттап отыруға шақырды.
Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Агенттікпен жүргізілетін жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *