ШЫМКЕНТ: СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы «Шымкент қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 17 Қаулысына 3 тармағы 18 тармақшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, аталған қаулының 7-қосымшасына сәйкес жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Жоғары спорт шеберлігі топтарына, спорттық жетілдіру топтарына және оқу-жаттығу топтарына «Қажымұқан» Орталық стадионында, «Металлург» стадионында, ескек есу су базасында, жеңіл атлетикалық манежде, «Орталық-су» кешенінде және Көркем гимнастика, «Тұмар», «Сұңқар, Садақ ату спорт кешендерінде оқу жаттығулары өткізілуде. Одан бөлек, Динамо спорт залында, кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің залында, Ұлттық теннис орталығында, қысқы спорт түрінен Спорт сарайында, «Биік» футбол орталығында, «Марс» спорт кешеніндері мен спорт мекемелерінің залдарында, саябақтарда және спорт алаңдарында оқу-жаттығулары жүргізілуде.
Жоғарыда атап өткен спорт түрлерінен шұғылдануға рұқсат берілген топтарда жалпы 6042 спортшы шұғылдануда. Спортшылар мен жаттықтырушылардың арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу шараларын жүргізу бойынша жаттығу өтілетін жерде және мекеме ғимаратында әр 2 сағат сайын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимі орындалуда. Сондай-ақ аталған спорт мекемелердің ғимаратында және жаттығу залдарында арнайы санитайзерлер орнатылған. Ал жаттығу алдында мекеменің медициналық қызметкерлері әр спортшының дене қызуын міндетті түрде тексеруде.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *