Абай ауданында «Bala Protect» жобасы аясында буллингтің алдын алу шарасы өтті

Абай ауданында «Bala Protect» жобасы аясында буллингтің алдын алу шарасы өтті,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

 

Іс-шара арнайы дайындалған бейнероликпен басталды. Онда құқық бұзушылықтардың салдары мен адамның өмірлік ұстанымының өзгеруі туралы нақты мысалдар мен сұхбаттар көрсетіліп, жасөспірімдерге ой салатын мазмұн ұсынылды.

Кездесуге буллинг фактілері бойынша есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары қатысты. Шара барысында мамандар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зардаптары, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелерін жан-жақты түсіндірді.

 

Прокуратура өкілдері балалар арасында өзара сыйластықты қалыптастырудың және адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесінде жауапкершілікті күшейту, олардың мінез-құлқына бақылау жасау және алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаудың қажеттілігі айтылды.

Айта кетейік, «Bala Protect» жобасы – балалардың құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған прокуратура бастамасы. Жоба кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг, зорлық-зомбылық, бопсалау және өзге де келеңсіз жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ балалардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

Бастаманың негізгі мақсаты – балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіп-қатерге ұшыраған балаларды дер кезінде анықтап, қажетті көмек көрсету. Сонымен қатар жоба аясында балалар мен ата-аналарға құқықтық және психологиялық қолдау көрсетіліп, профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстарға да ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, «Bala Protect» жобасы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға ықпал етуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *