Шымкент полицейлері үш тәулік ішінде 48 пәтер ұрлығын ашты. Арнайы ұйымдастырылған «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үй тонау фактісі бойынша қылмыстарды тіркеді. Шымкент қаласыПолиция департаментінің қызметкерлері пәтер ұрлықтарын ашу мақсатында рейдтік шаралар барысын көбейтуде.
Аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін Криминалды полиция, Әкімшілік полиция, Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылып, олар бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеді. Жедел-профилактикалық іс-шара қала аумағын толық қамтып, үш күндік рейд барысының нәтижесінде 50-ге жуық пәтер ұрлығы ашылып отыр. Пәтер ұрлықтарына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.