ШЫМКЕНТ: КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 150 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

«Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастылды. Игі шарада «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды.

Қайырымдылық шара барысында медресе-колледждің 71 ұстазы мен қызметкеріне және қаладағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 150 отбасыға азық-түлік заттары таратылды.

Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық шараға «Шымкент медресе» колледжі мен Қазақстандық «Қазақ Түрік» жастарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *