Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне орай Шымкент қаласындағы «Шымсити» саябағында «Жаңа Конституция – бірлігіміздің тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шара қала әкімдігінің қолдауымен өтті.

Іс-шара барысында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынов Жаңа Конституцияның ел болашағы үшін тарихи маңызын атап өтті.
— Конституция мемлекетіміздің берік іргетасы, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі. Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру бағытындағы маңызды қағидаттар айқындалған. Бүгінгі мерекелік концерт халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған тағылымды шара деп білемін. Әрбір азамат Ата Заңды құрметтеп, оның құндылықтарын өмірлік ұстанымына айналдыруы қажет, – деді Мөлдір Оңдасынова.

Мерекелік кеште Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары мен жергілікті әншілер патриоттық әндер орындады. Концертке келген көрермендер өнерпаздардың орындауын жылы қабылдады.
Шара барысында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова сөз сөйлеп, Жаңа Конституцияның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқын Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтап, Ата Заңның еліміздің демократиялық дамуы мен Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты құжат екенін атап өткен болатын.
Кеш соңында қала тұрғындары мен қонақтары патриоттық әндерді бірге шырқап, мерекелік іс-шараға белсене қатысты.