№41 мектеп-лицейінде жаңғырту жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласындағы А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылы қарсаңында күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жөндеу барысында мектеп ғимаратының ішкі және сыртқы бөлігі жаңартылып, оқу кабинеттері қажетті құрал жақдықтармен жабдықталды. Білім беру ұйымының аумағы да абаттандырылды.

А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі 1985 жылы ашылған.  1994 жылы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы лицей мәртебесін алған. Қазір білім ордасында 1800 оқушы білім алады.

Күрделі жөндеу жұмыстары 4 мамырда басталып, толық аяқталған. Жұмыс барысында ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері жаңартылып, оқу кабинеттері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сынып бөлмелері білім беру процесін ұйымдастыруға қажетті заманауи жабдықтармен толықтырылды.

Мектеп директоры Айна Сарымсакованың айтуынша, жаңғырту жұмыстарының негізгі мақсаты – оқу процесін тиімді ұйымдастырып, оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай жасау.

Мектепте цифрлық инфрақұрылымды жаңартуға да көңіл бөлінген. Оқу кабинеттеріне 28 интерактивті тақта орнатылды. Бұл мұғалімдерге сабақ барысында цифрлық құралдарды пайдалануға және оқу материалдарын көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

Жаңғырту жұмыстары оқу кабинеттерімен ғана шектелмеген. Мектеп дәліздері мен ішкі кеңістіктері ретке келтіріліп, ғимараттың сыртқы келбеті жаңартылды. Сонымен қатар мектеп ауласы абаттандырылып, аумақтағы қажетті инфрақұрылым толық  ретке келтірілді.

Жөндеуден өткен А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылар үшін сабақтан тыс уақытты тиімді өткізуге де қолайлы жағдай жасалған.

Қазір №41 мектеп-лицейі жаңарған оқу кабинеттері мен абаттандырылған аумағымен жаңа оқу жылын бастауға дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *