«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» АЯСЫНДА 8380 ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Еліміздегі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әзірленген қаржының 45,3 млрд.теңгесі Шымкент қаласына бөлінген. Осы жоспар бойынша 224 инвестициялық жобалар барысында қалада 8380 жұмыс орны ашылады.

Бүгінде бұл 190 жобада 2 641 жұмыс орындары ашылып, 1 036 адам жұмыспен қамтылған. Одан бөлек, мемлекеттік бағдарламаларда 15 115 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, бүгінге дейін 2 452 жұмыс орындары ашылған.

Сонымен қатар, аталған жоба жөнінде брифинг барысында қала әкімі 5 733 адамды қоғамдық жұмыстарға және 250 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына тартып, ал 3 886 адамға кәсіптік оқуға, 3 042 жасты жастар практикасымен және 1 491 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Осы ретте Мұрат Дүйсенбекұлы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында да сөз қозғады. Шаhар басшысының сөзіне сүйенсек, қаламызда бүгінге дейін 3 147 адам бос жұмыс орындарына, ал 2 807 адам жаңа жұмыс орындарына орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *