КАРАНТИН УАҚЫТЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкентте карантин уақыты  тағы екі аптаға ұзартылды. Бірақта мерзім созылған сайын ел ішінде сақтық шаралары босаңсуда. Мұндай олқылықтар орны толмас өкінішке алып келеді –дейді қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері. Баспасөз брифингінде жаңа қаулының талаптары таныстырылды.

 Қоғамдық көліктерде бетпердесіз жолаушылар үйреншікті көрініске айналды. Жолаушы түгілі жүргізушілер мен кондукторларда сақтыққа селсоқ қарап жүр. Азық -түлік дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарында да осы жағдай.  Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы сақтық шараларының маңыздылығына тоқталды.

Мегаполистің  той сүйер қауымы қатаң  шектеуге шыдамсыздық танытуда.  Бұл күнде  өз үйінде дүбірлетіп той істейтіндер шымкенттіктер көбейген. Той бизнесінде жүрген кәсіпкерлер мен өнерпаздар әр өңірде наразылықтарын білдіруде. Десекте  департамент басшысының айтуынша алдағы айда той-тұмалақ  жоспарлаудың керегі жоқ.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 7 маусым  аралығында COVID-19 вирусымен  жалпы 1176 жағдай  тіркелді. Соның ішінде 967-і симптомдарымен, 209- симптомсыз . Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 111,5 құрады.1176 жағдайдың 22-і сырттан келіп тіркелген. Барлығы 4721 қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынған.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *