Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысына іздеу-сүңгуір жұмыстарына бірнеше рет шықты. Кезекті хабарлама 2020 жылғы 11 маусымда Түркістан облысы Отырар ауданынан сағат 09.50-де келіп түсті. Балтакөл ауылдық округінде, Көлқұдық ауылында, ені 14 м, тереңдігі 3 м, ұзындығы 33 км Сумағар
каналынан құтқарушылар 1989 жылы туылған ер адамның денесін тауып алып,
судан шығарды. Судың температурасы + 15 С болды. Алдын ала болжам бойынша ер азамат бүгін түнде сағат 00.00-де достарыменен демалуға барған, масан күйде абайсызда суға құлап, тұншығып қалған.
Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖ департаменті Жедел-құтқару жасағының жеке құрамынан 5 адам жұмыс істеді, сонымен қатар 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Шымкент құтқарушылары еске салады! Құрметті азаматтар! Суға шомылу маусымы қызған кезде сақ болыңыз! Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Мас күйінде шомылмаңыз. Сіздің бейқамдығыңыз жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз.
Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы