БІР КҮНДЕ 8 ӨРТ ОРЫН АЛҒАН

 Өткен тәулік ішінде қалада өрт сөндіру бөлімшелері өрт пен жану жағдайларын сөндіруге 8 рет шықты. Барлық жағдайда қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт орын алған мекен-жайлардың біріАбай ауданы Пошаев көшесіндегі жеке тұрғын үй. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 20 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.  Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы да жедел әрекет етті. Аталған мекенжай бойынша моншаның шатыры және ас үйдің есігі мен төбенің жабындары зақымдалғанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы 52 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 21:09-да оқшауланып, 21.28-де толығымен жойылды.  Төтеншеліктер өрттің туындауын болдырмау үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды талап етуде. Электр сымдарын уақытында тексеріп, розеткаға қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмауды қатаң ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *