ЕЛОРДА КҮНІНДЕ 9 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елорда күніне орай Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты.  Салтанатты шара кәсіпкерлік саласындағы  жетістіктер баяндалатын бейнероликтен басталды.

Мереке күні  ашылған алғашқы нысанның бірі «Qagaz Ordasy» ЖШС-і. Онда А4, А3, А2 форматтағы қағаз өндіріледі.  Ал «NURTAU distribution company» шымкенттік шоколад пен сағыз шығарады.

«PROF AKS» ЖШС-де   шыны пакеттерге арналған алюминий дистанциялық жақтаулар жасалады. Онлайн жиында дизельдік генератор зауытыда іске қосылды.

Мереке күні «Арман агро», «Зәуре» шаруа қожалықтары 7 гектарға жуық жылыжайдың лентасын қиды. Сонымен қатар «Керемет сапа» ЖШС-гі интенсивті алма бағын  «ККК» компаниясы құс фермасының тұсау кесілді.

Іске қосылған нысандарда 140 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобалардың жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Шаруаларды қала басшысы арнайы құттықтап істеріне  сәттілік тіледі.

 Bozyq.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *