АБАЙ АУДАНЫНДА 107 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Абай ауданының аумағында жалпы саны 258 аула бар. Бүгінгі таңда оның 107-і қайта жаңартылып, заманауи үлгідегі жабдықтармен жасалуда. Осы ретте 66 ауланың жұмысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жүргізіліп жатса, 41 аула аудан қазынасы есебінен жасалуда.

Ойын алаңшаларының құрылысына қолданып жатқан материалдар түгелімен отандық өнімдер. Мұндағы аяқ астына төселіп жатқан жұмсақ төсеніштер, бүлдіршіндердің өмірі  үшін қауіпсіз дейді құрылысшы мамандар. Әрі жазда ыстыққа шыдамды, қыста суыққа төзімді көрінеді. Ал, тозығы жеткен ойын құрылғыларының орнына заман талабына сай жасалған атракциондар қойылмақ. Ойын алаңшаларының ашылу салтанатын балалармен бірге ата-аналарда асыға күтіп жүр. Ойын баласының қызық қуып алысқа ұзамай, көз алдарында жүргенін қалайды.

Балалар ойын алаңшасынан бөлек ауданда 8 бірдей спорт алаңшалары салынуда. Олардың басым бөлігі шалғайдағы елдімекендерге орнатылуда. Маусым айында басталған бұл жұмыстар шілдеде шегіне жетпек. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *