250 000 ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Ағымдағы жылы көптен күткен Бозарық электр станциясы пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстары аяқталса, 250 000 тұрғын сапалы жарыққа қол жеткізеді. Нысанның салынуына қазынадан 7,9 млрд. теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда құрылыстың басым бөлігі аяқталған. Абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Мердігер мекеме — «Аврора Констракшэн» ЖШС-і. Ал, техникалық қадағалаушысы- «ЖобаҚұрылысОрталығы» ЖШС-і. Бүгінде қаралған қаражаттың 6,97 млрд. теңгесі игерілген. Қуаттылығы  -160 МВт. Нысан 2,01 га аумақты алып жатыр. Құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталып, халық игілігіне берілетін болады.

Осы жоба аяқталса, Тұран, Шымкент сити, Асар-2, Бозарық, Бозарық-1,2,3, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымак-2, Батыс, Қайнар-бұлақ шағын аудандары сапалы электр жарлығымен қамтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *