Шымкентте 4 бірдей адамды атып кетті. Қайғылы оқиға Қаратау ауданының аумағындағы Пахтакор елдімекенінде болған. Екі ер адамның мәйіті есік алдындағы автокөлік ішінен табылса, тағы екі адамның өлі денелері үй ішінен шыққан.
Сағат кешкі 17,00 дер шамасында атыс қаруының дауысына аса мән бермеген көршілер, мән- жайды кейіннен біліп полиция шақыртыпты. Қаза тапқан 4-еудің бірі Қарабура әулие көшесінің тұрғыны екендігін көршілері айтып отыр. Ал, қалған 3-еуінің кімдер екендігі әзірге белгісіз. Араларында 1 әйел адамының мәйіті бар. Тұрғындардың айтуына қарағанда қаза тапқан 35-ті алқымдаған Фарух есімді жігіт, газ саласында жұмыс істейтін көрінеді.
Қайғылы оқиғаның қалай болғаны белгісіз. Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілі мәселенің мән-жайын анықталып жатқанын жеткізді. Толық қанды мәліметті алдағы уақытта айтатындарын алға тартты. Бұл жағдай біздің бақылауымызда.
Bozyq.kz