ДӘРІ-ДӘРМЕК ПЕН МЕДИЦИЦНАЛЫҚ КИСЛАРОД ТАПШЫЛЫҒЫ ШЕШІЛЕДІ

 Дәл қазіргі уақытта қала аумағында дәрі-дәрмек пен медицицналық кисларод тапшылығы бар. Тіпті  медицицналық мекемелердің өзінде емделіп жатқан науқастарға  кейбір дәрілер мен оттегін туыстары сырттан тасуда. Бұл жағдайдан жергілікті  билік хабардар. Тапшылықты жою мақсатында барлық жұмыстар атқарылып жатыр дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі баспасөз жиынында. 

Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Оразбайұлының айтуынша қажетті дәрі-дәрмектерге қатысты  бірқатар фармацептикалық компаниялармен келісім жасалған. Оған қоса жергілікті фармкомпания ең қажетті деген ампулалар мен таблеткаларды жеткізеді. Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты дәрі-дәрмекке деген сұраныстың еселеп артуы да тапшылықтың орын алуы негіз болды дейді маман. Барлық жағдай жан-жақты зерттеліп  қажетті медицицналық заттар мен оттегін жеткізу жүйесі жасалған. Оған қоса кисларод шығаратын цех жұмысын бастамақ. Ендігі жерде тапшылық болмайды, деді басқарма өкілі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *