ШЫМКЕНТ: ДӘРІХАНА ҚОЙМАЛАРЫНДА ҚИЫНДЫҚ ЖОҚ

Шымкентте дәрі-дәрімек тапшылығы рет-ретімен шешімін табады. Ол үшін дәріхана қоймаларына күн сайын антибиотиктің түр-түрі мен таблеткалардың сан алуаны келіп жатыр. Зерде дәрілік заттар қоймасынан күніне отызға жуық дәріханаға екі мезгіл дәрі жеткізіп отыр. Ал, дистрибьютерлер қоймаларға күніне 2-3 көлік дәрі-дәрмек жеткізіп беруде.

Қалада төртінші категориядағы вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс едәуір жоғарылаған. Сондықтан дәрі өндіруші компанияларға тапсырыс 5 есеге дейін артқан. Мамандардың айтуынша, дәрі таусылып қалады деген қорқынышпен шамадан тыс көп дәрі алып, үйде сақтай берудің қажеттілігі жоқ. Дәрі жеткілікті. Әрбір дәрінің сақтау мерзімі мен шарттары бар. Оны қолданбаса адам организміне кері әсерін береді. Қойма басшысы дәрілердің жеткізілуінде ешбір кедергілер орын алып отырған жоқ – дейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *