Шымкентте шағын және орта бизнесте өсім байқалады. Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 304 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызға артық.
Өңдеу өнеркәсібіне жасалған талдау нәтижесі жаман емес. Бірқатар салада оңды өзгеріс байқалады. Айталық, фармацевтика, қағаз өндіру, машина жасау мен металл бұйымдары және мұнай, тамақ өнеркәсібін өркендетуден Шымкент өзгелдерден оқ бойы озып тұр,-деді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков
Алдағы бес жылда 20 жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл үшін 328 млрд теңге бөлінген. Осы арқылы 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Қазір қала аумағында 2 индустриалық аймақ бар. Межелі мерзімде оларда 15,6 млрд, теңгенің өнімі өндіріліп, соның тең жартысы шетелге экспортталды.
Өз бизнесін ашып, кәсіпкер атанғысы келген қауым үшін қуанышты жаңалық. Былтыр пилоттық жоба ретінде қолға алынған «Мен кәсіпкер боламын» атты жоба биыл жүзеге асып, ол үшін 400 млн. теңге қаржы бөлінді,-деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, бағдарлама аясында кәсіпкерлерге небәрі 1 пайызбен жеңілдетілген несие берілмек.Бұл бұрын-соңды болмаған тың жоба. Қазір аталмыш бағдарлама аясында 10 бизнес жоба мақылданып, тірлігін ұршықша иіріп отыр.