ШЫМКЕНТ: 65 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласында  65 инвестициялық жоба іске қосылады. Қазіргі  таңда жалпы сомасы 100 млрд. теңгеден астам 32 жоба жүзеге асырылуда. Ал, құны 287 млрд. теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба бойынша ӘКК серіктестерімен құжаттар рәсімделуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық -коммуникациялық орталықта өткен брифингте «Shymkent» ӘКК» АҚ-ының төрағасы Б.Канкин мәлім етті.

Спикердің айтуынша, жобалардың басым көпшілігі білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кешені мен қызмет көрсету салаларында екен.

—2019 жылы қаланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 195 млрд. теңгені құрағанын ескерсек, тек тұрғын үй құрылысының жобалары осы көрсеткіштің өсуіне айтарлықтай үлес қосады. Сондықтан әлеуметтік кәсіпкерлік корпарация тарапынан 2024 жылға дейін шамамен жалпы алаңы 700 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр, — деді Б.Канкин.

Әлеуметтік саладағы жобалар «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының басым бағыттарының бірі екенін айтқан төраға биыл 8 700 орындық 9 мектеп пен 181 мың тұрғынды медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 6 емхана құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *