«ҚЫРҒЫ» БАЗАР МАҢЫНДАҒЫ РЕТСІЗ САУДА РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

Instagram әлеуметтік желісіндегі «Критика Шымкент» парақшасында Шымкент қаласы Төлеби көшесінің бойында орналасқан «Қырғы» базар маңындағы абаттандырылған алаңдағы жасыл шөпті ретсіз сауда жасап отырған азаматтар таптап басты деген жазба жарияланған болатын. Мәселені назарға алған ақпараттық-коммуникациялық орталық мәселені тісті мекемеге жолдады.

Осы жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті және аумақтық әкімшілік қызметкерлері бірлесе отырып рейдттік іс-шаралар жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында, әкімшілік құқық бұзған бірнеше азаматтарға хаттама толытырып әкімшілік шара көрілді. Яғни Төлеби көшесінің бойында орналасқан «Қырғы» базар маңындағы жасыл екпені басып бүлдірген азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша жалпы 17 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *