Шымкент қаласындағы транспорттық логистикалық сауда орталығында карантинге қарамай жұмыс қызу жүріп жатыр. Тоғыз жолдың торабында орналасқан кешенде бүгінде тек елімізден ғана емес, шет мемлекеттерден де тауарлар импортталады.
Сауда логистикалық орталығының ашылғанына биыл 3 жылға жуықтады. Содан бері миллионды шаһардағы тұрғындар құрлық аспай ақ орталық қызметіне жүгіне алады. Бүгінде халықтың логистикалық орталыққа деген сенімі артқан. Бұның дәлелі — қойманың көмегіне арқа сүйегендер саны күн санап көбеюде. Мекеменің жалпы аумағы -34 га. Орталық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне жақын орналасқан. Яғни бұл жерден еліміздің кез-келген қаласына тіпті шетелге тауар жіберуге болады.
Аталған орталықта бүгінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейден келіп жатқан транзиттік жүктер сақталып, кедендік рәсімдеуден өткізіледі. Нысан соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталған. Шет елден арнайы әкелінген құрылғылар кез-келген тауарды қаз-қалпында сақтап ,діттіген жеріне жеткізіп береді -дейді мамандар.