М. ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ АРИЗОНАЛЫҚТАРМЕН ОРТАҚ КЕЛІСІМДЕРГЕ КЕЛДІ

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі АҚШ-тың Аризона мемлекеттік университетінен арнайы өкілдер келді. Тараптар қос дипломмен білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік,  профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс- тәжірибеден өтуі сынды бірнеше ортақ жобаларды талқылады. 

Университет басшысы меймандарға жоғары оқу орнының заманауи оқу базасын таныстырды. Білім ордасындағы «Мұхтартану тану» орталығы мен тарихтан сыр шертетін мұражайға бас сұққан қонақтар ондағы жәдігерлерге таңданысын жасырмады.

Шетелдік делегация  Шымшаһарда студенттерге арнап кампус салуды жоспарлап отыр. Онда тәлімгерлер білім алып қана қоймай, жатақхана ретінде де оны пайдалана алады. Қазір бұл іс жан-жақты пысықталып жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *