ИНТЕРНЕТ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Қаратау ауданына қарасты шалғай елді мекендерде келесі аптадан бастап интернет желісімен мәселе болмайды. Оқушылар онлайн сабақты еркін оқи алады. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін атқарушы Азамат Парманов брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ, жиында ауданда атқарылып жатқан істер жайы сөз болды.

 Оқу жылы басталғалы қаламыздың шет аймағында тұратын оқушылар үшін интернет мәселесі мұң болды. Осыны ескерген Қаратау ауданы әкімдігі шалғай елді мекендерге желі жиілігін арттыру үшін арнайы мекемелермен келіссөз жүргізген. Бұл мәселе келесі аптадан бастап өз шешімін табатын болды.

 

 Азамат Парманов – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушы

— Қала әкімінің тапсырмасыменауданда орналасқан шалғай елді мекендердегі интернет мәселесі шешіледі. Онда интернет жоқ емес , бар, бірақ жылдамдығы аз болғандықтан к-селл мекемесімен келіссіөз жүргіздік. Келесі аптадан бастап арнайы құрылғыларды орнатуға кіріседі.

Сондай-ақ, ауданда жергілікті бюджет есебінен жыл басынан бері 8 аула абаттандырылып, 10 балалар ойын алаңшасы салынған. Тұрғын үйлер маңындағы қоқыс контейнерері де заман талабына сай өзгертіліп жатыр екен.

  Азамат Парманов – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушы

— Жалпы, аудандағы 416 көпқабатты тұрғын үйлер аумағында 65 қоқыс алаңшасында 200 контейнерлер орнатылған. Олардың қазір тозығы жетуіне байланысты Қаратау ауданы әкімдігі бюджетінен 24 миллион теңге қаражатқа 226 заманауи  контейнер орнаттық.

  Айтып өтейік, абаттандыру жұмыстарынан шалғай аймақтар да шет қалмаған. Құрылысы аяқталған ойын алаңшалары ел игілігіне берілген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *