БИЫЛ ТАС ТӨСЕЛМЕГЕН КӨШЕ ҚАЛМАЙДЫ

Бүгінде жекенің  жарығын жағып, тіршілік нәрін тасып ішіп отырған қалалықтардың бұл азаптан құтылар күндері де алыс емес. Ал, жыр болған шалғайдағы шағынаудандардың шиеленіскен көгілдір отын мәселесі жуық арада шешімін табуы тиіс. Қала әкімінің тапсырмасынан кейін пысықталған бұл  жұмыстар бүгінде қарқын алған. Қазіргі таңда, қалада 14 тұрғын алабқа таза ауыз су жүйесі, 8 елдімекенге табиғи газ, 10 шалғайдағы шағынауданға сапалы жарық тартылып жатыр.

Шымкент қаласында 256 нысан мен 414,9 шақырым жолдар мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Оған бюджеттен 26,8 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде 203 шақырым болатын 160 көшеде жол жөндеу жұмысы аяқталған. Енді жоспарланған жұмыстың ұзындығы 213 шақырымды құрайтын 99 көше қалды. Қыркүйек және қазан айларында жұмыстың 80 пайызы аяқталады, деп күтілуде.

Еліміздегі үшінші мегаполисте жол құрылысынан бөлек өткелдерді ретке келтіру, бағдаршам орнату, көшелерді таңбалау жұмыстары да жүргізіліп, аялдамалар жаңартылып жатыр. Бүгінде негізгі жолдарда 260 жаңа аялдаманың тең жарымы орнатылған. Ал, жыл соңына дейін миллионды қаланың тас төселмеген көшесі қалмайтын болады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *