ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА МАМАН МАМАН ТАПШЫ

Жол саласында білікті мамандар тапшы. Жобалау мен салу, күтіп-ұстау, қауіпсіздік бағытындағы тапшылық автокөлік жолдарының сапасына тікелей әсер етеді.

Бұл туралы Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы өкілдері мәлімдеді. Сондықтан бұл мамандыққа жастардың қызығушылығын арттыру маңызды.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бас директоры Замир Сағынов 600-ден астам мектеп оқушыларымен онлайн кездесу өткізді.

Шараға 14 облыс пен 3 қала қатысты. 9-11 сынып оқушыларына жол саласы мамандықтарының беделі мен қыр-сыры туралы кеңінен айтылды. Зум арқылы өткен кездесуге Шымкент қаласынан Шымкент Қаласының Білім Басқармасы қарасты №49 ЖОМ оқушылары қатысты. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *