ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ОЛИМПИАДА ӨТТІ

Шымкент қаласындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында 5-6 сынып оқушылары арасында олимпиада өтті. Білім додасына 6 пәннен  87 оқушы қатысты.

Екі күнге созылған олимпиданы тәуелсіз сарапшылар жіті, мұқият қадағалады.
Оқушыларға әр пәннен 30 сұрақ берілді. Оқушы бір сұраққа 1-2 минут ішінде жауап беруі тиіс. Білім додасында карантиндік талаптар қатаң сақталды. Алған ұпайына қарай жеңімпаздар анықталды.

Олимпиадаға жауапты Гүлзия Қарақұлова №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясынан  Республикалық олимпиаданың екінші кезеңіне 23 оқушы  жолдама алғанын жеткізді. Дара шауып бәйге алған оқушылар алдағы уақытта өтетін олимпиадада №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының намысын қорғайтын болады.

Мерей Әбдіәшімова

№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы, «Жас журналисттер» үйірмесінің қатысушысы, 6 сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *