ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс активіне бірінші орынбасарын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Зұлфұхар Сансызбайұлы Жолдасов тағайындалды.

Зұлфұхар Жолдасов 1976 жылғы туылған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «эколог» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын прокуратура саласынан бастаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарған. Осыған дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратында өңірлерді дамыту бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

Зұлфұхар Жолдасов бірінші орынбасар ретінде сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, бақылау жөніндегі басқармаларының жұмыстарына жетекшілік ететін болады.

— Аталған салалардағы күрделі, қордаланған мәселелерді шешу бағытында біліміңіз бен тәжірибеңіз жеткілікті деп Сізге сенім білдіремін. Біріншіден, Кентау қаласындағы №5-ші жылу электр орталығының қай құру жұмыстарын жеке бақылауға алу қажет. Сондай-ақ облысымызда, әсіресе, облыс орталығы Түркістан қаласында бірқатар нысандардың құрылысы жүргізілуде, солардың сапасына тұрақты түрде бақылау жүргізу керек. Автомобиль жолдарының сапасы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмалары бар. Жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу қажет. 2025 жылдың соңына дейін тұрғындарды 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту керекпіз. Осы мәселелерді шешу үшін біліміңіз бен тәжірибеңіз жеткілікті. Сізден нәтижелі жұмыс күтемін. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін! – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов өзіне артылған сенім үшін алғысын білдіріп, осыған дейін жинаған білімі мен тәжірибесін облысты дамытуға жұмсауға дайын екенін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

—-

НАЗНАЧЕН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *