ОҚУШЫЛАР МЕКТЕП АЛДЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Санаулы күндерден кейін білім ошақтарында «Алғашқы қоңырау» соғылып, жаңа оқу жылы басталады. Ал мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайтып, медициналық көмек көрсету басты бағыттардың бірі.

Мектеп жасындағы балаларды профилактикалық тексеруден өткізу үшін бүгін қалалық балалар клиникалық ауруханасында «Деніміз сау баламыз, білім алуға даярмыз!» атты Ашық есік күні өтті. Шара аясында бейінді мамандар: эндокринолог, кардиолог, уролог, оториноларинголог, балалар дәрігерлері оқушы, жасөспірім балаларды қажетті тексеруден өткізіп, кеңестерін ұсынды.

Сондай-ақ бұл күні балалар стоматологиялық кабинетте тіс дәрігерінен кеңес алып, медициналық көмек көрсетілді. Жалпы ауруханадағы мектеп алды профилактикалық тексеруден 100-ден аса бала өтті.

Қалалық балалар ауруханасының ұжымы жаңа оқу жылының басталуына орай, өздерінің көп балалы әріптестеріне материалдық көмек көрсетті. Аурухана басшылығының бастауымен аурухана медицина қызметкерінің отбасындағы 10нан аса оқушы балаларына жаңа мектеп формасы, спорт киімі, аяқ киім және оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *