Шымкентте «Әділетті Қазақстан. сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты Республикалық тамыз кеңесі өтті. Оған еліміздің 19 өңірінен, жалпы саны 800-ге жуық педагог қатысты.
Тамыз кеңесі биылғы жылы жаңа форматта «Бір өңір-бір тақырыптық бағыт» принципімен ұйымдастырылды. Педагогтар мектепке дейінгі орта, қосымша техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді талқылады.Балалардың құқығын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету жайы сөз болды. Сондай-ақ жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттері айқындалды. Тамыз кеңесіне жаңашыл педагогтар, білім беру ұйымдарының үздік жетекшілері, сарапшылар мен ата-аналар қауымының өкілдері қатысты.
ЖАНАТ ТӘЖИЕВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
-НОВД базасы дейді, деректер базасының прнзиденттері келіп отыр. Одан да бөлек, оқу сауаттылығын арттыру мақсатында қосымша тренажер білім беретін, үйде отырып-ақ өзінің білімін жетілдіретін түрлі оқу бағдарламалары цифрландырылған өз жұмыстарымен, өз іс-әрекеттерімен бөлісетін болады. Негізгі бұның мақсаты -қағазбастылықтан арылу. Мұғалімдердің жұмысын жеңілдету. Білім беру тәсілін оң жағынан барынша жедел, әрі ыңғайлы жағынан қамтамасыз ету болып табылады. Мен осы сәтті пайдалана отырып, барша әріптестерімді мерекемен құттықтағым келеді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 246 мектеп бар. Қаламызда педагогтар саны – 28 702 құрайды. Үшінші магеполистің білім саласы 100 пайыз цифрлық жүйеге көшкен.
Bozyq.kz